Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шұғыл қоңырау шалу керек»: жасөспірімнің телефонын иемденіп алған қарағандылық ұсталды

Жасөспірімнің телефонын иемденіп алған 21 жастағы қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 65 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Белгісіз біреу оның 17 жастағы ұлын алдап, ұялы телефонын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 47 мың теңгені құрады.

Анықталғандай, белгісіз біреу жасөспірімнен біреуге шұғыл қоңырау шалу керек деп ұялы телефон сұрап алған. Телефонды алған ол біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіппен шетке шығып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдіктіні анықтап, 21 жастағы жігітті ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұялы телефон тәркіленіп, зардап шеккен тарапқа қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру