"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: ШҚО-да заңсыз айналымнан 19 қару тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 19 қару тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылдың 5 желтоқсаннан бастап "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
ЖПІШ барысында 5 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 860 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 043 мас күйінде қоғамдық орындарда ішу және пайда болу фактісі. 3 900-ден астам тексеріс жүргізілді, сондай-ақ 720 жалға берілетін пәтер және 4 200-ден астам есепке алушылар тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Есірткі заттарын сақтаудың жеті фактісі анықталды.
Заңсыз айналымнан 19 бірлік қару тәркіленді. Оның бірі Ұлан ауданында орын алды. 39 жастағы тұрғынның жатын бөлмесінен белгісіз маркалы, бір ұңғылы, 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетсек, "Құқықтық тәртіп" жедел профилақтикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 11 желтоқсанына дейін жалғасады.