Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты

Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ЭҚІҚБ қызметкерлері  Россовхоз кентіндегі карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты.

Ол заттың карьердің инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам БТР-ны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты.

Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде.

БТР (бронетранспортер) Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру