Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әйел бірге пәтер жалдап тұратын көршісін тонап кетті

Шымкентте әйел бірге пәтер жалдап тұратын көршісін тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бірге тұрып жатқан танысы жалдамалы пәтерден өзіне тиесілі заттарын қолды еткен. Яғни, арызданушының танысы үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, құны 500 мың теңгені құрайтын музыкалық аппаратын және 100 мың теңгесін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құраған. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды.

Ұрыны ұстау мақсатында аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған әйелді полицейлер қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді.

Айғақ заттар – музыкалық аппарат және 100 мың теңге иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда ұсталған азаматшаға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру