Ақтөбеде мас күйінде көлік басқарған шетелдік азамат қамауға алынды
Ақтөбеде мас күйінде көлік басқарған шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 желтоқсанда патрульдік полиция қызметкерлері Жаманқұлов көшесіндегі жол ережесін бұзғаны үшін Қырғызстан Республикасының 29 жастағы азаматының басқаруындағы Mazda Демео автокөлігін (қырғыз есебі) тоқтатты. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші автокөлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарған. Сонымен қатар, ол көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қамалды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.