Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз еңбек еткен 12 шетелдік анықталды

Алматы облысында заңсыз еңбек еткен 12 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу мақсатында 6-12 желтоқсан аралығында Алматы облысының аумағында “Мигрант” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осылайша, 10 желтоқсанда рейдтік іс-шара барысында Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ қызметкерлерімен бірге Есік қаласында көпқабатты үйлердің құрылыс объектісінен заңсыз жұмыс істеген 12 шетелдікті анықтады.

– Шетелдік азаматтар жұмысшы ретінде жұмысқа тартылған. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар жасалып, одан әрі сотқа жолданылатын болады, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсеитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру