Семейде масайған қонақ үй иесін соққыға жықты
Семейде масайған қонақ үй иесін соққыға жықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Семей қ. ПБ-ға 50 жастағы қала тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түседі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» зардап шегушінің 37 жастағы танысы болып шыққан күдіктіні анықтап, ұстады.
Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдар бірге алкоголь ішімдігін ішкені белгілі болды. Осы уақытта олардың арасында сөзге келіспеушілік туындап ары қарай төбелеске ұласады. Оның барысында шабуылдаушы жәбірленушінің басына бірнеше рет соққы берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, оның санкциясы сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.