Жезқазғанда өз кәсіпорнынан кабель ұрлаған екі жігіт ұсталды
Жезқазғанда өз кәсіпорнынан кабель ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсанда Жезқазған қаласының Полиция басқармасына бір ЖШС-дан хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреулер 17 метр мыс кабельді ұрлап кеткені белгілі болды. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер – 33 және 37 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар осы кәсіпорынның жұмысшылары болып шықты. Еркін қолжетімділікті пайдаланған қылмыскерлер металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыру үшін кабельді алып кеткен. Ұрланған мүлік тәркіленіп, жәбірленушіге берілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.