Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы ПД-де “Ашық есік күні” өтті

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы Полиция департаментінде “Ашық есік күні” өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары полицияның тарихымен, қызметтік моделдің жүзеге асырылу барысымен, “естуші мемлекет” және “полиция жақын маңда” қағидаттарымен, сондай-ақ Мемлекет басшысының полиция ғимараттарына үздіксіз бейнебақылау енгізу жөніндегі тапсырмасымен танысты.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жыл сайынғы Жолдауында ішкі істер органдарына үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізуді тапсырды. Бүгінгі таңда Алматы полициясының әкімшілік ғимараттарында 420 бейнебақылау камералары орнатылған, олардың басым бөлігі тергеу әрекеттері мен азаматтармен жұмыс жүргізілетін тергеушілер, анықтаушылар және криминалдық полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде орналасқан. Нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға болады. Бұл бейнебақылау камераларының деректері жазылады және қажет болған жағдайда мұрағаттан сұрауға болады. Жақын арада әкімшілік қамауға алынғандарға және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-таратуды бейнебақылау камераларымен жабдықтау жоспарлануда. Келесі жылы барлық учаскелік полиция пункттерінде бейнебақылау камералары орнатылады, – деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Іс-шара аясында қонақтар полицияның материалдық-техникалық жарақтандырылуымен, құқық қорғау органдарының қылмыспен күресуде қолданатын технологияларымен, сонымен қатар патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистердің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.Сондай-ақ қонақтарға ішкі істер органдарының қатарына қалай кіруге болатыны туралы айтылды. Экскурсия Жедел басқару орталығында жалғасты.

– Өздеріңіз білетіндей, бейнебақылау камералары – қылмыстың алдын алу мен ашудың тиімді шарасы. Бүгінде ПД ЖБО-ға 7 018 камера қосылған. Оның 2 901-і мектеп пен балабақшаға орнатылған. Қазіргі таңда Жедел басқару орталығында қала әкімдігінің қолдауымен адам көп жиналатын орындардағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Оны жүзеге асыру аясында қалада бір мың сандық бейнекамералар орнатылды, оның 120-да қауіпсіздік бейнесараптамасының функциясы бар, – деді Қанат Таймерденов.

Полиция департаменті қала тұрғындарының полиция қызметіне үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті: үш сағат ішінде бөлімшеге қалалық қоғамдық қеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер және т.б. 100-ден астам адам келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру