Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының Полиция департаментінде марапаттау рәсімі өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының Полиция департаментінде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, ҰҚКД бастығының бірінші орынбасары Саламат Тұрышев, облыстық ПД бастығының м.а. Қанат Алиев, Департамент басшылығы, ардагерлер және жеке құрам қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров барлық қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жұмыста табыс тіледі. 25 полиция қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Одан әрі салтанатты түрде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін №1 ҚПБ штабының аға инспекторы Елена Половинкоға бір саты жоғары полиция подполковнигі арнайы атағы берілді.

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен сегіз қызметкер, бес қызметкер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен, “Ішкі істер органдарының 2-дәрежелі үздігі” төсбелгісімен бес қызметкер марапатталды.

Облыстық ПД бастығының м.а. Қанат Алиев қызметте ерекше көзге түскен тоғыз полиция қызметкерін ҚР ІІМ-нің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында ІІО ардагерлері де шетте қалған жоқ. Құқық қорғау органында жас полиция қызметкерлеріне үлгі бола білген 11 ардагер облыс әкімі атынан және Полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды, олардың арасында Есен Есмаханов, Ибрагим Құдайбергенов, Қайыржан Даржанов және Бауыржан Құлтаев бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастығының бірінші орынбасары Саламат Тұрышев тәртіп сақшыларының бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алғыс хаттар табыс етті. Одан әрі қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар, ПД басшылығы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларын да мерекемен құттықтап, барып қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру