ШҚО-да жол қызметінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да жол қызметінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрақты негізде облыс көшелері мен жолдарын жол қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайда ұстауға, жүру бөлігін қардан уақтылы тазартуға және мұздан тазарту жұмыстарын бақылап отырады.
Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында Департаменттің жол қадағалау мамандарымен 200-ден астам тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қысқы ұстау ережелерін орындамаған жол қызметтерінің 34 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өскемен қаласы бойынша осыған ұқсас ескертулер ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсанында қар жауғаннан кейін облыс орталығын санитарлық күтумен және абаттандырумен айналысатын бес мердігерлік ұйымда анықталды. Аталған қызметтердің басшылары да тиісті әкімшілік жазаға тартылды, олардың атына кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқамалар жіберілді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықтың алдын алу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және жалғастырылатын болады!