Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер бейнебақылаудың көмегімен көлік ұрысын ұстады

Шымкенттік полицейлер бейнебақылаудың көмегімен көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 желтоқсанда Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда ол үйінің ауласында тұрған Opel автокөлігін белгісіз біреудің күндізгі сағат 13:00-15:00 аралығында ұрлап кеткендігін айтқан.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) тіркеуге алып, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына жетіп, жедел-тергеу амалдарын жүргізді.

Полицейлер тарапынан көлік ұрысын ұстау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті шаралар атқарылды. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды.

Нәтижесінде, полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен бір тәулікте көлікті заңсыз иемденіп кеткен азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру