Түркістан полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотты болған ер адамды ұстады
Түркістан полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотты болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушіге Нива Комбайнкөлігін утилизациядан өткізіп беретініне сендіріп және құжат рәсімдеу үшін 100 мың теңге керек екенін айтып, ақшасын алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш АПБ-ның полицейлері бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті деп танылған орта жастағы азамат қамауда.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді.