Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бір аптада 1,6 млн теңге төленбеген айыппұлдары бар 31 көлік тұраққа қойылды

Атырауда бір аптада млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары бар 31 көлік тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13-19 желтоқсан күндері Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген 1,6 млн теңгені құрайтын айыппұлдары бар 31 автокөлікті анықтады.

Олардың жетеуі Армения, біреуі Қырғызстан, 23-і Ресей елінен алып келінген автокөліктер.

Мысалы, 14 желтоқсан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы 180 560 теңгені құрайтын төленбеген сегіз айыппұлы бар Ресей елінен әкелінген Mercedes Benz автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша аталған автокөлік патрульдік полицейлермен Азаттық көшесінен тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру