Шымкентте құжатсыз көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте құжатсыз көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызмет атқару барысында Toyota жүргізушісінің ешқандай құжатсыз көлiк басқарғанын анықтады.
Нақтырағы, Әл-Фараби алаңында Toyota автокөлігі жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Тексеру барысында өзімен бірге жеке куәлігі болмағаны да анықталды. Нәтижесінде, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлігі айыптұраққа қойылды.
22 желтоқсанда ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлікті құжатсыз басқарған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.