Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында борышкерлерден 8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

Павлодар облысында борышкерлерден 8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында Павлодар облысының аумағында 22 желтоқсанда «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар құқық бұзушыларды, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша пәтерлерді аралап шығуды ұйымдастырды.

– Нәтижесінде, борышкерлерден 8 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. Тұрғылықты жері бойынша 3 мыңға жуық борышкер, жұмыс орны бойынша 1 млн. теңгеден астам сомаға 85 қаулы жіберілген. Сонымен қатар, 12 көлік арнайы тұраққа орналастырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бақыбай Ахмедиянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру