Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 желтоқсанда ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызмет атқару барысында күмән тудырған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Алайда полицейлердің тоқтатқанына қарамастан, Тoyota Camry көлігінің жүргізушісі бағынбаған. Көлікті қуып жетіп, құжаттарын сұрағанда, оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған.
Медициналық сараптамаға нәтижесінде жүргізуші мас халде екені анықталды.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.