Қарағанды облысында ауыл тұрғындары арасындағы төбелес атыспен аяқталды
Қарағанды облысында ауыл тұрғындары арасындағы төбелес атыспен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсанда Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінде екі ауыл тұрғыны арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, жанжал көптен бері келе жатқан реніштен туындаған. Ауыл тұрғындары жанжалдасып, төбелесіп қалған. Олардың бірі – 35 жастағы ер адам үйіне жүгіріп барып, аңшы мылтығын алған. Көшеде жүрген 32 жастағы ауылдасына қайта оралып, оған оқ атқан. Атылған оқтан жарақатын алған жәбірленуші Қарағандыдағы медициналық мекемеге жатқызылды.
Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат – мылтық пен гильзалар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.