Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығынан айырылған екі әйел мас күйінде рульге отырған

Атырауда көлік басқару құқығынан айырылған екі әйел мас күйінде рульге отырған – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсан күні сағат 07:05 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінің алдынан Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі әйел адамның көлік ішінде ішімдік ішіп отырғанын көрген. Бірнеше уақыттан кейін әйел көлікті масаң күйде басқарып кеткеніндігін байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша патрульдік полицейлер Вокзал маңы 5 мөлтек ауданынан күдікті автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісі – 32 жастағы азаматшаның «орта дәрежелі» мас күйде көлік басқарғандығын, сонымен қатар оның бұрын-соңды да мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандығын анықтаған.

Одан басқа, 25 желтоқсан күні сағат 18:28 Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Досмұхамедов көшесі бойынан күдікті Toyota Camry автокөлігін байқап, жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша тәртіп сақшылары аталған автокөлікті Досмұхамедов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінің тұсынан тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлікті «орта дәрежелі» мас күйде басқарғандығын және 41 жастағы әйелдің бұрын-соңды мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандығын анықтады.

32 және 41 жастағы екі азаматшаға қатысты іс қозғалып, екі автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру