Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші зейнеткерді қағып кетті

Қарағанды облысында бұрын куәлігінен айырылған мас жүргізуші зейнеткерді қағып өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 желтоқсан күні сағат 12.30 шамасында Қарағанды облысы Абай ауданының полиция бөліміне, ауылдардың бірінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.

Мән-жайды анықтай келе Audi көлігін тізгіндеген 50 жастағы ер адам 66 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына кінәліден жауап алу кезінде полицейлер оның мас күйде екенін анықтады. Сараптама ер адамның мас болғанын растады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру