Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтар жиһаз жасаушының үстінен шағым түсірді

Алматылықтар жиһаз жасаушының үстінен шағым түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе корпустық және жұмсақ жиһаздар шығару бойынша ЖК басшысы – 27 жастағы И.есімді ер адам жайында болып отыр.

– Жәбірленушілердің ұжымдық өтініші негізінде біздің бөлімше ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамға бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс СТБТ-не тіркелді. Алматы облысының тумасы әлеуметтік желіде парақша ашып, жиһаз жасау бойынша қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Одан әрі клиент жеке кәсіпкермен келісім жасасып, тапсырыстың жалпы құнының 70 пайызын төледі. Арызданушылардың айтуынша, аталған фирманың өкілі сенімге қиянат жасау арқылы оларды алдаған. Қызмет көрсету бойынша жасалған келісімшартта ол тапсырыс берген жиһазды 14 күн ішінде дайындауға міндеттенді. Алайда қаражатты алғаннан кейін ол келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауды көздеген жоқ. Алданған азаматтардың әлеуметтік желідегі түрлі-түсті жарнамалардың қақпанына түскені анықталды. Олардың кейбіреулері жаңа жиһаз алу үшін несие рәсімдеген, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Тергеудің осы кезеңінде И.есімді азамат 8 эпизодты жасағаны үшін сотталды. Соңғы «мәміле» 10 қазанда тіркелді. Осы орайда аталған жеке кәсіпкердің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен өзге де жәбірленушілерді анықтау шаралары жүргізілуде.

– Зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамын: +7 (777) 811-97-79, +7 (778) 777-29-56, +7 (747) 333-03-20, +7 ( 708) 804 -17-55 және +7 (701) 299-52-01, – деді Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру