Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ауылдасының малын ұрлаған екеу қолға түсті

Алматы облысында ауылдасының малын ұрлаған екеу қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданының полициясына Желтораңғы ауылының тұрғыны хабарласып, жайылымда жүрген сиырының қолды болғаны туралы арыз түсірген. Қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ауылдың екі тұрғынын құрықтады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында сол ауылдың 19 және 22 жастағы екі тұрғыны күдікке ілініп, олардан жауап алынды. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдіктілер қылмысын мойындады, – деп хабарлады Балқаш АПБ бастығы Дәурен Құтпанов.

Полиция басшысының ақпаратына сәйкес, күдіктілер жайылымда жүрген ауылдасының малын сойып, басқа ауылға етін сатқан. Дегенмен тергеу барысында етті сатып алушылардан ұрланған мал еті тәркіленіп, іске айғақзат ретінде тіркелген. Күдіктілер мал иесіне 250 мың теңге материалдық шығын келтірген.

– Күдіктілер бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Тергеу барысында олардың не себептен қылмысқа барғаны және өңірдегі осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бары анықталады. Іс бойынша тергеу жалғасуда, – деп толықтырды Дәурен Құтпанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру