Қостанайда есірткіге қарсы мазмұндағы 500-ге жуық плакат орналастырылды
Қостанай қаласында есірткіге қарсы мазмұндағы 500-ге жуық плакат орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен халық арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кезекті үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерде нашақорлыққа қарсы мазмұндағы плакаттарын орналастыру бойынша акция өткізді. Оқу орындары, ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, автобустар, аялдамаларда және полицияның тірек пункттерінде барлығы 500-ге жуық «Есірткіге бірге қарсы!» плакаттары таратылды.
Аталған акцияның негізгі міндеті – ақыл-ойды бұзатын және қайтымсыз психикалық ауруларды тудыратын синтетикалық есірткілердің зияны мен салдары туралы тұрғындарды ескерту.