Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс ауданының полицейлері қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барды

Ертіс ауданының полицейлері қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында Ертіс ауданының полицейлері Ішкі істер органдарының қызметкерлері Сайлау Шаханов пен Асхат Кудериннің отбасыларына барды.

Сайлау Шаханов учаскелік полиция инспекторы қызметінде жұмыс істеді және 2015 жылы құрметті демалысқа шыққан. Алайда 2016 жылы жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде ол кенеттен қайтыс болды. Отбасында үш бала қалды.

Асхат Кудерин ұзақ жылдар бойы уақытша ұстау изоляторының полицейі лауазымында жұмыс істеді. 2021 жылы аурудан кейін асқынудың салдарынан кенеттен қайтыс болды. Отбасында үш бала қалды.

– Әріптестеріміздің өмірден озуы тек туыстарына ғана емес, ұзақ уақыт бойы олармен бір ұжымда жұмыс істеген әріптестеріне де ауыр әсер етті. Жаңа жыл қарсаңында біз әріптестеріміздің отбасыларына баруды ұйғардық. Біз балаларына ойыншықтар мен тәттілер сыйладық. Балалар қонақтардың келгеніне өте қуанышты болды, Жұбайлары отбасына көңіл бөлгендері үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Барлық қызметкерлерге қызметте сәттілік тіледі. Әріптестеріміздің отбасыларын қолдау – бұл біздің әріптестерімізге құрмет көрсету, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру