ШҚО-да сатылымнан 459 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді
ШҚО-да сатылымнан 459 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында 15 желтоқсаннан бастап ШҚО аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, сатудың және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жолымен жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жаңа жылға арналған «жарылғыш» атрибуттар сатылатын базарлар, дүкендер, көтерме қоймалар тексерілуде.
«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының 14 күнінде полиция қызметкерлері 780-нен астам рейд өткізді.
– Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Тауарлармен немесе басқа заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін) 17 әкімшілік хаттама толтырылды. 459 дана пиротехникалық бұйым тәркіленіп, 495 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.