Шымкенттіктің есепшотынан бір млн теңгесін шешіп алған ер адам ұсталды
Шымкенттіктің есепшотынан бір млн теңгесін шешіп алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция департаментіне «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, өзіне бейтаныс азамат ұялы телефонын пайдаланып, интернет қосымшаларының бірі арқылы оның есепшотынан бір млн теңгесін шешіп алған.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.
Еңбекші ауданы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Екі тәулік ішінде ер адамның жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.