Түркістандық полицейлер базардағы өртті ауыздықтауға ат салысты
Түркістандық полицейлер базардағы өртті ауыздықтауға ат салысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 желтоқсанда Жетісай АПБ-ға Жетісай аудандық өрт сөндіру бөлімінен қаладағы автокөлік бөлшектерін сататын базарда өрт болып жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, қараусыз қалған автобөлшектер мен басқа да заттардың ұрланбауының алдын алу мақсатында Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт болып жатқан аумақ қоршауға алынып, базардағы сатушылар мен сол аумақта жүрген жұрт дереу эвакуацияланды. Тексеру кезінде аталған базардағы 21 азаматқа тиесілі сауда орындары жанғаны анықталды. Оқиға орын алған жерде өрттен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Аталған оқиға Жетісай АПБ-нің CДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.