Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы Жаңа жыл қарсаңында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлады.
Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ұжымның атынан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 41 балаға тәтті сыйлық тарту етті.
– Бала қуанса, әлем қуанады. Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, ертеңгі үміт артар жалғасымыз. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына сенемін, – деді Шаймерден Тәжіқұлұлы.
Балалар аулының қызметкері бүлдіршіндердің атынан департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.