Жамбыл облысында тасжолда жаяу жүргіншіні қағып кеткен екі автокөлік анықталды
Жамбыл облысында тасжолда жаяу жүргіншіні қағып кеткен екі автокөлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 желтоқсанда сағат 19:00 уақыт шамасында республикалық маңызы бар Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағытындағы тасжолдың 161 шықырымында белгісіз жүргізуші өзінің автокөлігімен Алматы қаласы жағынан Тараз қаласы бағытына қарай қозғала отырып, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан 53 жастағы Кенен ауылының тұрғынын қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ЖКО қатысты екі автокөлік анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің қалған фактілері тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.