Қызылорда облысында Ұлттық ұланның сарбазын өлтірді деген күдікті қамауға алынды
Қызылорда облысының Полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Ішкі істер органдарына 381 адам жеткізілді, олардың әрқайсысының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде 43 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының талаптарын бұзғаны үшін 31 азамат жауапқа тартылды.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 38 адам анықталып, УҰИ-на, оның ішінде Ұлттық ұланның сарбазын өлтірді деген күдікті қамауға алынды.
Полиция күштерімен банкоматтарды инкассациялау қамтамасыз етілуде.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде бес блок бекет, ал жеті ауданда 23 блок бекет қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.
Қызылорда облысының Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды. Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты сіздерді тек аса қажеттілік болған жағдайда ғана үйлеріңізден шығуға болады. Шыққан жағдайда жеке куәлікті алып жүру қажет.
Полиция алаңдаушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.