Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер мас қала тұрғынын үсуден аман алып қалды

Петропавлда полицейлер мас қала тұрғынын үсуден аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қаңтар күні СҚО облыс орталығында өтіп бара жатқан адамдар Петропавл-Ишим тасжолындағы кезекшілікке бет алған СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының экипажын тоқтатқан. Олар жолдың маңында ер адамның жатқанын хабарлады.

Аталған жерден полицейлер қарда аяқ киімін шешіп жатқан жігітті анықтады. Тәртіп сақшылары тоңып қалған ер адамды патрульдік көлікке отырғызып, жедел жәрдем шақырды. 29 жастағы қала тұрғыны мас болғанын жасырмады. Келіп жеткен медицина қызметкерлері оны медициналық мекемеге жеткізді. Кейін полицейлер ер адамның үсіктен зардап шекпегеніне көз жеткізу үшін жарақат пунктіне хабарласты.

– Алкогольдік масаю түрлі құқық бұзушылықтар мен проблемалық жағдайларға алып келіп жатады. Олардың жолын кесу – жергілікті полиция қызметінің міндеттерінің бірі. Өткен жылы СҚО-да спирттік ішімдікті ішкені және қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін 11 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру