Қызылордада уақытша ұстау абақтысына 72 адам қамалды
Қызылордада уақытша ұстау абақтысына 72 адам қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай кезеңінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 292 адам жеткізілді. Ал уақытша ұстау абақтысына 72 адам қамалды.
Өңірде антитеррорлық операция жалғасып жатыр. 5 қантар күні қала аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша 52 адам анықталып, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру), 255-бабы (Терроризм актісі), 269-бабы (Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу), 380-бабы (Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.