Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленді
Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық полицейлер облыс орталығында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, қорғаныс құралдарын иемденген бұзақыларды ұстауда. Олардың бірі – бұрын заңсыз әсері жоғары психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде үш дана әскерилердің оқ өткізбейтін бронды жилеттері тәркіленді.
Ал жаппай тәртіпсіздікке қатысты ұсталған 31 жастағы күдіктінің үйінен атыс қаруы тәркіленді.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.