Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер тұрғыннан заңсыз қаруды тәркіледі

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тұрғыннан заңсыз қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде елордалық полиция қызметкерлері заңсыз сақталған қаруды анықтады. Пәтерді тінту барысында елорданың 52 жастағы тұрғынынан жауынгерлік тапанша мен оқу-жаттығу гранатасы табылды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

Нұр-Сұлтан полициясы қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтау мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап, заңсыз келген және елордада тұратын шетел азаматтарын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру