Қызылордалық полицейлер тәртіпсіздік кезінде түсірілген фото және бейнежазбаларды қайда жолдау керектігі туралы түсіндірді
Қызылордалық полицейлер тәртіпсіздік кезінде түсірілген фото және бейнежазбаларды қайда жолдау керектігі туралы түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ПД-нің пайымдауынша, облыс аумағында орналасқан ғимараттарды (нысандарды) қиратқан бұзақылар туралы қандай да бір ақпарат (фото, бейнежазбалар) болса, дереу полицияға хабарлау қажет.
– Бұл – әрбір тұрғынның азаматтық борышы. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Егер сізде қандай да бір ақпарат болған жағдайда, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 29-57-44; +7(705)-392-14-88, – деді полицияда.