Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтар полицейлердің бірігіп жасаған жұмысын атап өтті

Павлодарлықтар полицейлердің бірігіп жасаған жұмысын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстандықтар үшін бірнеше қиын күн өткеннен кейін әлеуметтік желілерде полицейлер, әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлеріне бағытталған жылы сөздер мен посттарды жиі кездестіруге болады. Павлодарлықтар да шетте қалмауда, олар қала мен облыста құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермегені үшін ризашылықтарын білдіруде.

– Жақында біз бәріміз елдегі қорқынышты қайғылы оқиғаның еріксіз куәгерлеріне айналдық. Мұндайды ешкім де күткен жоқ. Бірақ, ең бастысы, осындай жағдайда жедел әрекет етіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сауатты және үйлесімді жұмыс жасады. Олардың нақты әрекеттері мен күштерінің арқасында біздің қала тұрғындары қиын сәттерде де қауіпсіз болды. Алайда полицейлер мен әскери қызметкерлері үшін қорқынышты болды. Өйткені бұл да біреудің ұлдары, ағалары, күйеулері. Бұзақылар мен қылмыскерлермен алдыңғы қатарда бола отырып, олар суық күндер мен түндерде ерлікпен қызмет етті. Олардың арқасында біз ата-аналарымыз, достарымыз бен жақындарымыз үшін еш алаңдамайыз, – деді Павлодар қаласының тұрғыны Заур Абдрахманов.

– 5 қаңтарда кешке еліміздің ірі қалаларында анархия орын алды. Орталық алаңдарда жарылыстар, айқайлар естілді, ал Telegram арналарында видеолар пайда болды, онда наразылық білдірушілер өз жолында бәрін қиратып, адамгершілікті ұмытып кеткендері көрінді. Бүгін біздің елде тыныш. Полицейлерге табандылық мінез танытып, қаламызды Қазақстанның басқа бөлігінде болып жатқан оқиғалардан қорғаудағы борыштарын атқарғандары үшін рақмет! Бұл – полиция, әскери қызметкерлер мен қарапайым жігіттердің арқасы. Мен атап өткім келеді – олар хаос әкелетін ашулы топтарға біз тұратын аулаларға кіруге мүмкіндік бермеді. Адамдарды, ғимараттарды, қаланың көрікті жерлерін қорғайтын батыл сап тұрғызылды. Осы уақытқа дейін күресті жалғастырып, “бүлік шығарушыларды” тауып, жауапқа тартқандары үшін алғыс, – деді Павлодар тұрғыны Мария.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру