Түркістан облысында 150-ден астам адам коменданттық уақыт ережесін елемеген
Түркістан облысында 150-ден астам адам коменданттық уақыт ережесін елемеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлерімен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруда. Республика көлемінде енгізілген коменданттық уақыт кезінде тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген 163 тұрғын анықталды.
Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 153 азаматқа әкімшілік хаттама толтырып, ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) және 488-бабы (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) құқық бұзған азаматтарға іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.