Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “102” телефонына бір тәулікте 148 хабарлама келіп түсті

Ақтөбе облысында “102” телефонына бір тәулікте 148 хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының және аудан орталықтарының шыға берісінде 10 блок-бекет орнатылды. Үш блок-бекет Ақтөбе қаласында орналасқан, қалғандары аудандарда, олар тәулік бойы қызмет атқарады. Бір тәулік ішінде блок бекеттер арқылы 15 мыңға жуық көлік құралы өтеді. Блок-бекеттерде полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскерилері қызмет атқаруда, олар облыс және аудан орталықтарынан кіріп немесе шығып жатқан автокөліктерді тексереді.

“102” телефонына бір тәулік ішінде 148 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 17 хабарлама расталмады, қалғандары бойынша заңды процессуалдық шешімдер қабылданды.

Өткен түні коменданттық сағатты бүзғаны үшін 81 адам әкімшілік жаупкершілікке тартылды.Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің, ғимараттарға шабуыл жасаудың, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырудың, терроризм актілерінің барлық фактілері бойынша 11 сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторына жеті адам орналастырылды, және бес адамға қатысты сот “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Облыстағы жағдай полицияның толық бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру