Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандықтар “Өскемен – күшіміз бірлікте!” ұранымен бірікті

Шығысқазақстандықтар “Өскемен – күшіміз бірлікте!” ұранымен бірікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Алайда елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бүкіл ШҚО полицейлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ерекше режимде тәулік бойы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысты.

Айта кетсек, Өскемен қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Өскемен-Тәртіп” Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері лаңкестердің қолдарымен қиратылған, бұзылған қаланың көрікті жерлерін жөнге келтіру жұмыстарын күн-түн демей атқаруда.

2022 жылдың басында орын алған оқыс оқиға шығысқазақстандықтарды біріктіре түсті. Мәселен, төтенше жағдай режимінде жедел жәрдем қызметкерлері де өз бастарына қауіп төнсе  де қақтығыс кезінде әртүрлі дене жарақаттарын алған азаматтарды аурауханаларға жеткізді.

Халықты қазіргі ахуалмен ақпараттандыру мақсатында АLTAI TV телеарнасы да қысылтаяң кезеңде өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Өйткені олар “Өскемен – күшіміз бірлікте!” ұранын ұстанып, іс-әрекеттері арқылы бірлік пен тұтастықты көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру