Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда болған оқиғаларды полицей қыз өлеңмен баяндады

Алматыда болған оқиғаларды полицей қыз өлеңмен баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шығарманың авторы – Бостандық аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Динара Мағзұмова.

– Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз – жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым.  4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда мен асығыс ұялы телефоныма төрт шұмақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін “Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!” деп осы шығарманы жаздым, – дейді аға лейтенант Мағзұмова.

Динараның айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады. Жинаққа шығаруға шығармашылық материал жиналып қойған.

– Бірақ бұл болашақтың еншісінде. Ал әзірше мен өзімді елдің амандығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге арнадым, – деді полиция инспекторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру