Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 520 литр лицензияланбаған спирттік сұйықтық тәркіленді

Петропавлда 520 литр лицензияланбаған спирттік сұйықтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері құрамында спирт бар өнімдерді, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және сақтау фактілерін анықтады.

Полиция қызметкерлері лицензияланбаған алкоголь мен темекінің үлкен партиясын қаланың қақ ортасынан, Бостандық көшесіндегі қойма бөлмелерінен тапты.

Тексеру барысында тауардың облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Нәтижесінде 520 литр алкоголь бар сұйықтық, сондай-ақ 259 блок темекі тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садуловтың айтуынша, аталған өнімнің иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналған. Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға қатысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Жыл басынан бұл СҚО полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру