Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

Елорда аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезеңінде қылмыстардың уақытылы алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте қалада 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер жоқ.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін бір жүргізуші ұсталды.

Күндізгі уақытта Сейдалин көшесімен келе жатқан Hyundai Tucson автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі Hyundai Accent автокөлігін соғып кетті. Куәландыру нәтижелері бойынша Hyundai Tucson жүргізушісі орташа ауырлықтағы мас күйде болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешіміне сәйкес тәртіп бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2516 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 980-і тұру ережелерін бұзу, 214-і қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және 1300-ден астамы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру