Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны облыс әкімдігінің ғимаратына баса-көктеп кіріп, бүлікшілермен бірге барып, әскери КамАЗ автокөлігін тартып алып, өзі тізгіндеген.

Ер адам қала орталығында орналасқан Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын ұрланған автокөлікпен соғып, сындырған. Әрі қарай ол Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіреберіс қоршауын әскери көлікпен сындырып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруға жол беріп, өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) және  202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру