Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда комендатурасы: «Қаладағы жағдай тұрақты»

Нұр-Сұлтан қаласында жағдай тұрақты. Қала периметрі бойынша блокбекеттер тәуліктік режимде жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәуліктің ішінде қалада алты қылмыс және 98 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

75 адам төтенше жағдай режимін бұзған, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Тәулік ішінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін бес кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды, оның иелеріне қатысты лицензиясынан айыруға дейінгі қатаң жаза қолданылатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Мемлекеттік нөмірі жоқ үш автокөлік анықталып, коммуналдық тұраққа қойылды.

«Қарбалас уақыт» кезеңінде блокбекеттерде автокөліктер көбейіп кететіндіктен, қала комендатурасы азаматтарға өздерінің баратын бағыттарын алдын ала жоспарлауға және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға кеңес береді.

«Құрметті қала тұрғындары, коменданттық сағат режимін бұзбаңыздар, тыныштық пен құқықтық тәртіпті сақтаңыздар, мүмкіндігінше үйде болыңыздар, балаларыңыздың жүрген жерін бақылаңыздар. Егер Сіз тұрып жатқан үйде қандай да бір күмән тудыратын адамдардың тұратыны туралы фактілер белгілі болып жатса, 1402 бірыңғай сенім телефонына немесе 8 (7172) 71-60-10 телефонына, не болмаса өзіңіздің учаскелік полиция инспекторыңызға қоңырау шалыңыз. Барлығы да Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жасалып отыр», – деп атап өтті комендатура қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру