Ақмола полицейлері аязда қалған зейнеткерге көмектесті
Ақмола полицейлері аязда қалған зейнеткерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтар күні шамамен сағат 15:00-те Жақсы ауылының көшелерін патрульдеу кезінде полицейлер қарда жатқан адамды байқады. Учаскелік полиция инспекторы Арман Сейдахметов және ювеналды полиция тобының инспекторы Рыскүл Қасенова оны дереу ауруханаға жеткізді, онда зейнеткерге уақытылы көмек көрсетілді.
Азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болған жоқ. Зейнеткер үйден шығып, көшеде ауырып қалғаны белгілі болды. Сол күні Жақсы ауданында өте аязды болды. Аздаған тоңу кезінде де, дененің қорғаныс функциялары төмендейтінін айта кету керек.
– Аздаған уақыт кешіккенде науқасты ампутациялау мәселесі көтерілер еді. Ер адам ауруханаға дер кезінде жеткізілді, – дейді медицина қызметкерлері.
Ақмолалыққа “аяқ-қолдардың сәл үсуі” диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.