Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облыстық ардагерлер кеңесі полицейлер мен әскери қызметшілерге алғыс хат табыстады

Атырау облыстық ардагерлер кеңесі полицейлер мен әскери қызметшілерге алғыс хат табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Мұрат Өтешов төтенше жағдай кезінде қаланың кіреберісінде бақылау-өткізу режимін жүзеге асырып жүрген “Алмалы” блок-бекетінің полиция бөлімшесі мен әскери қызметшілерін марапаттап, алғыс хат табыстады.

– Заң бұзушылықтардың алдын алып, кез келген төтенше жағдайларға уақытылы жауапкершілікпен қарайтын полиция қызметкерлері мен әскери сарбаздарға Атырау облысының ардагерлері атынан алғыс білдіремін. Сіздердің тәжірибиелеріңіз және кәсіби міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауыңыз біздің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етсін, – деді Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов.

Еске салайық, Атырау облысында жаппай тәртіпсіздік орын алған кезде полицейлер мен әскери қызметшілер қала орталықтарындағы алты көпірге патрульдік бекеттер, төрт жерге блок-бекеттерде жұмыс атқаруда, олар облыс және аудан орталықтарынан кіріп немесе шығып жатқан автокөліктерді тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру