Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды
Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, 38 және 35 жастағы ер адамдар қару-жарақ дүкендерін тонаудың белсенді қатысушылары болып есептелінеді.
Оларды Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады.
Күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған “SM12 steyr mannlicher austria” маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі.
Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келгендер.
Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде.
Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.