Қызылорда облысында ТЖ режимін бұзған 44 адам айыппұл арқалады
Қызылорда облысында ТЖ режимін бұзған 44 адам айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың 244 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сот шешімімен 21 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 44-не айыппұл салынды, 159-і әкімшілік қамаққа алынды, 20 әкімшілік іс сотта қаралуда.
Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың 127 дерегі анықталып, 13 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 92-не әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді, 11 әкімшілік іс сотта қаралуда.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 адамның үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды.