Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіндегі 10 сотталған жұмыспен қамтылды
Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіндегі 10 сотталған жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылы Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіне 80 сотталған тіркеліп, оның ішінде 10 сотталған аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты. Ал тағы бес азаматты пробация инспекторлары еңбек шарттарына сәйкес жергілікті кәсіпкерлерлік нысандарға орналастырды.
Сондай-ақ, бір пробация есебіндегі сотталғанға атаулы әлеуметтік көмек алуына жәрдем көрсетілсе, енді кейбірінің жеке кәсіп ашуына жан-жақты қолдау жасалып келеді.
Мәселен, қазіргі таңда сотталған Б.есімді азамат «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 585 мың теңге несие алып, мал бағумен айналысуда.
– Пробация қызметінің мамандарына алғысымды айтқым келеді. Түзу жолға түсіп, өзіме лайық кәсіпті бастауыма мұрындық болды. Мен секілді қаншама жаза басқандарға енді қылмыс жасамауы үшін қолдарынан келгенше құқықтық кеңес беріп, тығырықтан шығудың жолын көрсетуде аянып қалған емес, – деді есептегі азамат.