Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қаңтарда Lada Vesta автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Хромтау ауданының тұрғыны Қарабұтақ кенті жағынан аудан орталығынан 40 км қашықтықта Хромтау қаласы бағытында келе жатып, жолдың тайғақ учаскесіндегі жол метеорологиялық жағдайларын ескермей, қарсы қозғалыс жағына шығып кетіп, Ақтөбе қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Priora автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан Lada Priora автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды, екінші жолаушы Хромтау қаласының ОАА хирургия бөлімшесінде жатыр.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.